Дәурен Абаев алматылықтарға Елбасы Жолдауындағы басым бағыттар туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Алматы әкімінің халықпен есепті кездесуінде Елбасы жолдауындағы басым бағыттарды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр қала тұрғындарына, бизнесмендерге, халық қалаулыларына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген міндеттер іс жүзінде қалай жүзеге асатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, қазір Алматыда Жолдаудың «Құрылыс пен коммуналды секторға заманауи технологияларды енгізу» атты 5-пукнты жүзеге асырылып келеді.

«Алматы әкімі өз есебінде құрылыс саласына толық тоқталды. Сонымен қатар қалада smart-city жобасы жүзеге асырылып келеді. Қала құрылысына қажетті заманауи элементтер пайдаланылып жатыр. Құрылысы басталған немесе бұрыннан бар инфрақұрылымдар интеллектуалды басқару тетігімен басқарылып отырады. Бұл қаланың жайлылығын арттырып, электр энергиясын, су, жылу ресурстарын тұтынуды қысқартуға бағытталған. Бүгінде Елбасы тапсырмасымен біздің министрлік smart-city концепциясының стандартын жасаумен айналысып жатыр. Осыған байланысты 1,5 жыл бұрын ақпараттың қолжетімділігі туралы заң қабылданған еді. Осы заңға сәйкес барлық мемлекеттік органдар «Ашық Үкімет» порталында мәліметтерді бүкпесіз жариялауы тиіс. Бұл өз кезегінде smart-city бойынша көбірек технология енгізуге мүмкіндік береді. Алматы билігі көлік жүйесі бойынша автобустардың маршруттары туралы ақпаратты да жариялап отыр. Арнайы қосымшалар жасалды. Адамдар қай автобус қай уақытта келетіні, қай автобуста адам аз екенін алдын ала біліп отырады», - деді министр.

Дәурен Абаев Елбасының денсаулық сақтау саласындағы стационарлық емдеуден профилактикаға көшу туралы, салауаты өмір салтын насихаттау туралы міндеттерін де тілге тиек етті.

«Элеткронды медициналық карточкалардың арқасында науқастардың барлық емделу тарихын білуге болады. Ол адам басқа жерге көшіп кетсе де мәліметтер базасы сақталады», - деді министр.

Айта кету керек, бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2020 жылға таман қаладағы ауруханалардың барлығы қағазбастылықтан арылады деген болатын.

Соңғы жаңалықтар