Дәурен Абаев: Ақпарат және коммуникация мәселесіне қатысты нормалар қоғамдық талқылау арқылы ғана қабылдануы тиіс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты нормалар азаматтық талқылау арқылы ғана қабылдануы тиіс. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында осылай деп жазды.

«Қымбатты достар! Әсіресе журналистердің, байланыс және ақпарат қызметкерлерінің, азаматтық сектор өкілдерінің назарына! Бүгін біздің министрлік «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына қатысты Тұжырымдаманы орналастырды.

Бұл құжат бізге қарасты салада елеулі өзгерістер жасауға бағытталған және кәсіби топтардың кең ауқымы мен жалпы жұртшылықтың мүдделерін қамтиды. Мен мұндай нормалар азаматтық талқылау арқылы ғана қабылдануы тиістігіне нық сенімдімін. Тұжырымдама жарияланған бөлімде өз ескертулеріңізді, ұсыныстарыңыз бен талап-тілектеріңізді қалдыруға болатын арнайы функция бар. Оның барлығын министрлік жанындағы заң шығармашылық жөніндегі жұмыс тобы қарастыратын болады», - деді министр. 

Соңғы жаңалықтар