Даулы тең нәтижеге Берд емес, басқа төреші кінәлі - Головкиннің бапкері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бапкер Абель Санчес Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің 2017 жылғы 16 қыркүйектегі жекпе-жегі даулы тең нәтижемен аяқталуына кім себепші болғанын айтты, деп жазады Sports.kz.

«Біз 8-4 есебімен жеңіске жеттік деп ойлаймын. Мен осы даудың туындау себебін жақсы түсінемін. Аделаида Берд шектен шығып кетті, бірақ, меніңше, бізге ең көп зиян келтірген Дон Трелла болды. Ол Головкиннің ең үздік раунды болған сегізінші раундты «Канелоға» бере салды. Тең нәтижеге себеп болған - осы. Егер Трелла осы раундты бергенде Головкин жеңетін еді. Бірақ мен бәрібір Головкин жеңді деп санаймын», - дейді ол Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар