Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін құрлықтық конгресте Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайлауға 14  үміткер қатысқан. Нәтижесінде қазақтың даңықты балуаны ең көп дауыс жинап, Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов бүгінгі таңда Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті қызметін атқарып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 1963 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, 12-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 24-25-ші Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері болған. 1995-1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар