«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы биылдан бастап жыл сайын берілетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы бұдан былай екі жылда бір рет емес, жыл сайын беріледі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының құрылтайында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетсек, елімізде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы құрылған болатын. Тың қозғалыстың төрағасы болып Максим Споткай сайланды. Максим Споткайдың айтуынша, қозғалыстың миссиясы - дініне, тіліне, ұлтына қарамастан, Қазақстанның барлық жастарын еліміздің кешенді жаңғыруына атсалыстыру болып табылады.

Тың қозғалыстың бүгінгі құрылтайында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жастарға сәттілік тіледі.

«Мен өз сөзімді қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлының қанатты сөзімен бастағым келеді. Батырымыз «20 жас - тарихи ерліктер жасайтын жас. Соған әрдайым әзір болу керек» деген екен. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі - жас ұрпақты тәрбиелеу болды. Халқымыздың болашағы - бүгінгі ұрпақ. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, рухы биік ұрпақты тәрбиелеу - қоғам алдындағы ең басты міндеттердің бірі», - деді министр.

null 

Нұрлан Ермекбаев Елбасы атап өткендей, 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі - бұл ғаламат құндылық, сондықтан этноасаралық келісімді сақтаудың маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет деп айтқанын жастардың есіне салды. 

«Бүгін біз барлығын жалпы ақпараттандыру және белсенді жаһандық бірігу процестері заманында рухани адамгершілік пен технология, технократия арасындағы жолды еңсеру алдында тұрмыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Атамекен» жобасын жүзеге асырып жатыр. Ол екі «Әлеуметтік бастамалар картасы» мен «Жомарт жүрек» атты жобалардан тұрады. «Әлеуметтік бастамалар картасы» азаматтардың белсенділігін арттыруға, «Жомарт жүрек» демеушілік еткен азаматтарды қолдауға арналған», - деді ол.

null 

Министр сонымен бірге, өткен жылы ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған «Абай жолы ұлттық мектебі» деген жобаны бастап, ол қазіргі уақытта көптеген ЖОО-ларда жұмыс істеп жатқанын айтты.

«300 мектеп пен ЖОО, колледждер мен мектептерде «Түлектер тақтасы» атты интерактивті тақталар орнатылды. «Дарын» мемлекеттік сыйлығы биылдан бастап екі жылда бір рет емес, жыл сайын берілетін болады. Қазіргі уақытта Үкімет осынау сыйлықтың иегері атанған жастарға берілетін сыйақының мөлшерін арттыруды қарастыруда», - деді Ермекбаев.

null  

Соңғы жаңалықтар