Дәрілік заттар нарығында пайда көздеген картель анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы дәрілік заттар нарығы субъектілері арасындағы картельдік келісімді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«СК-Фармация» ЖШС тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау қызметтерін сатып алуды жүзеге асырған кезде бірнеше нарық субъектісінің сатып алуға бір картель өкілін қатыстыруы және кейінен алынған көлемді келісімге келген қатысушылар арасында тең бөлу туралы алдын ала келісім жасасқаны анықталды. Осылайша, осы келісім сатып алуға қатысушылар мен дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау қызметтерінің басқа әлеуетті өнім берушілері арасында бәсекелестікті болдырмаған», - делінген Ұлттық экономика министрлігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, картельдің үш қатысушысына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Олар нарық субъектілерінің орналасқан жері бойынша соттардың қарауында. Бүгінгі күні Алматы қаласы соттарының 2017 жылғы 7 ақпандағы және  11 сәуірдегі шешімдерімен картельге қатысушылардың бірі - «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС кінәлі деп танылды және 208 млн. теңге мөлшеріндегі монополиялық табысы тәркіленіп, 114,9 млн. теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Картельге басқа қатысушылар бойынша сот талқылауларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Бұл іс 2010-2015 жылдар кезеңінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау қызметтерін бір лотпен сатып алған «СК-Фармация» ЖШС-ға қатысты бұрын жүргізілген монополияға қарсы тергеп-тексерудің жалғасы болып табылады. 2017 жылғы 16 наурызда «СК-Фармация» ЖШС 1,3 млрд. теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұлды мемлекет бюджетіне толық төледі», - деді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар