Дәрігерлерге көңілі толмайтын қызылордалықтар қайда шағымдана алады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысында медицина саласының қызметі мен сапасына көңілі толмаған тұрғындар енді 23-70-22 сенім телефоны арқылы шағымдана алады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлболсын Аханева мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады

Жыл басында тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті болып қайта тіркелді. Нәтижесінде, сала мамандары аттестациядан өткізілді. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту және қызмет көрсету үшін бөлімдер ашылды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтің 7 түрі ұсынылып, жұмыстар атқарылуда.

«Біздің мекеме тек қана жұқпалы ауруларды ғана емес, соматикалық ауруларға қатысты алдын алу жұмыстарын үйлестіреді, ақпараттандырады. Сонымен қатар, емханалар мен ауруханаларда медицина қызметінің сапасына көңілі толмаған тұрғындар дәрігерлер тарапына арыздары болса, жаңадан ашылған бөлімге хабарласып, шағым жасай алады. Сенім телефонымыз жұмыс жасауда. Біз өз кезегімізде мәселені зерттеп, жауабын береміз», - деді Ұлболсын Аханаева.

Баспасөз мәслихатында егу жұмыстары жайы да сөз болды. Биыл тұмауға қарсы 78 мың вакцина сатып алу үшін қаржы қаралған. Егу жұмыстары 15 қазаннан басталады. 

 

Соңғы жаңалықтар