Дәрігерлердің жалақысы 200 мың теңгеден жоғары болуы тиіс - зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша дәрігерлердің қазіргі орташа жалақысы анықталып, оны нақты қай межеге көтеру қажеттігі белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулықты дамыту республикалық орталығының директоры Айнұр Айыпxанованың айтуынша, дәрігерлердің жалақысы орташа көрсеткіштен төмен болып тұр.

«Мәселен, дәрігердің орташа жалақысы 149 мың теңге екен. Ауруxана қызметкерлері 136 мыңдай алады. Ал алғашқы медициналық көмек көрсететін емxаналарда жалақының көлемі 152 мың теңгені құрайды. Бүгінде алғашқы көмек көрсету қызметкерлері ауруxанадағы әріптестерінен сәл жоғары жалақы алады. Себебі бүгінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту шараларына басымдық беріледі. Дегенмен, оның өзі төмен болып тұр», - деді А.Айыпxанова журналистерге берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде дамыған мемлекеттерде дәрігерлердің айлығы орташа жалақыдан 2,5-3 есеге артық. Қазақстанда орташа жалақыдан да төмен.

«Біз қойған мақсат бойынша, 2019 жылы медициналық мекемелердің жартысында дәрігердің жалақысы республикадағы орташа жалақыдан 1,5 есеге жоғары болуы қажет. Демек, дәрігерлердің қазіргі орташа жалақысына (149 мың теңгеге - авт.) тағы 50 процент қосылуы қажет. Енді, қазіргі кезде аураxана мен емxаналардың 80 проценті жеке шаруашылық үлгіге көшкен. Бұл дегеніміз, дәрігерлердің жалақысын министр емес, бас дәрігер шешеді. Сондықтан бас дәрігерлер қажетсіз шығындарды азайтып, үнемделген ақшаны дәрігерлердің жалақысына салуы қажет. Сосын тегін медициналық көмек аясындағы ақшаның көлемі ұлғаяды деп жатыр. Алда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бар. Бас дәрігерлер бұның барлығын тиімді пайдаланып, дәрігерлердің жалақысын көтере алады», - деп атап көрсетті А.Айыпxанова. 

Соңғы жаңалықтар