Дәрігерлер жүкті әйелдерді екпеден бас тартпауға шақырды

None
None
  ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Аяғы ауыр әйелдердің екпеден бас тарту жағдайлары жиілеп кеткен. Осыған байланысты Шахтинск қаласындағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары болашақ аналармен кездесті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Шахтинск қаласындағы Қоғамдық  денсаулық сақтау басқармасының мамандары болашақ аналармен кездесіп, оларды денсаулық үшін маңызы зор екпеге қарсылық білдірмеуге шақырды.

 «Иммунизация мағынасы» деп аталатын дөңгелек үстел барысында, мамандар болашақ аналарға екпеден бас тартудың неге әкеліп соғатыны жайлы әңгімелеп берді.

«Екпеден бас тарпауға барынша кеңес береміз. Бұл сіздің және өмір есігін ашатын балаларыңыздың болашағы үшін қажет», - деді Шахтинск қаласындағы Қоғамдық  денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Дәрігерлер әйелдерге екпенің түрлері мен уақытын, аурудың алдын алу жұмыстарының мән-жайын түсіндірді.

Сонымен қатар, екпе арқылы тұрғындар мен балаларды  полиомиелит, дифтерия, сіреспе, гепатит, қызылша сияқты сан түрлі ифекциялардан қорғау қажет екендігін айтты.

Соңғы жаңалықтар