Дәрігерлер Қостанайдағы автобус соғып кеткен қыздың жағдайын айтты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Автобус соғып кеткен 15 жасар қыздың төрт қабырғасы сынған. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері  Игорь Белобржицкий айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін Гашек көшесінің бойында болған. ХҚКО аялдамасы маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 15 жасар қызды автобус қаққан. 

«Қызға жабық бас сүйек-ми жарақаты, өкпенің соғылуы, төрт қабырғасы мен бұғанасының сынуы және травматикалық шок диагноздарын қойдық. Оның жағдайы ауыр. Әлі реанимацияда жатыр. Соққы күшті болды. Автобустың терезесі сынып кеткен», - деді бас дәрігер.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған дерек бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар