Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -20 °С
Алматы: -3 °С
USD 319.68 EUR 392.95
RUB 5.63 CNY 50.26
Жаңалықтар

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды

2017 жылғы 14 қараша 13:34 2034
Бөлісіңіз:
Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының дәрігерлері 39 жастағы көкшетаулықтың басына қадалған екі оқты алып, өміріне араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өткен аптада Ақмола облыстық ауруханасына 1978 жылғы М.К Шангин есімді ер адам түскен. Науқастың мұрынның терең қуысына екі оқ қадалып қалған. 


Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды 

«Жағдай насырға шапса, науқас көзінен айырылып қалуы немесе көз жұмуы мүмкін еді. Дегенмен, дәрігерлердің  біліктілігі мен кәсіби шеберлігінің арқасында науқасқа эндоскопия жолымен, яғни тіліксіз ота жасалынып, басына қадалған екі оқ алынды. Қазіргі кезде науқастың жағдайы ауыр, тұрақты», - деп түсіндірді Ақмола облыстық ауруханасы бас  дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.


Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды 

Ал, науқастың басына оқ қалай тиді? Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, зардап шегуші үйіне ылғи арақ ішіп келіп, жанжал шығаратын көрінеді. Осындай жанжалдың бірінде ашуға булыққан 1947 жылы туған әкесі ұлын мылтықпен бас тұсынан екі рет атып жіберген.


Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды 
Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды 
Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды 
Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды 

«Қазіргі кезде, осы оқиға байланысты қылмыстық із қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат