Дәрігерлер баспалдақтан құлап ес-түссіз қалған оқушысының жағдайы туралы айтып берді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Баспалдақтан құлап, комаға түсіп қалған Зырянов ауданындағы орта мектептің 3 «Б» сынып оқушысы Ерлан Нұрдыбаевтың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Өскемендегі Ана мен бала орталығы нейрохирургия бөлімінен хабарлаған.

Емдеуші дәрігер Талант Арыстамбековтың айтуынша, Ерланға жазылып берілген емдеу процедуралары толық көлемде орындалып жатыр. «Оқушының жағдайына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деді нейробөлімнің емдеуші дәрігері.

Еске салайық , Зыряновтағы № 1 мектептің бастауыш сыныбында білім алып жатқан үшінші сынып оқушысы сабақ аяқталғаннан кейін баспалдақпен түсіп бара жатып, бірінші және екінші қабаттың аралығынан құлап кеткен. Оған балалар, ұлын алып кетуге келген әкесі мен мектеп медбикесі жүгіріп келіп, жедел жәрдем шақырған. Жансақтау бөліміне алып бара жатқанда бала комаға түскен.

Жағдайы ауыр баланы тасымалдау мүмкін болмағандықтан Өскемендегі облыстық Ана мен бала орталығынан мамандар шақыртылды. Екінші тәулікте ұл бала санитарлық авиацияның тікұшағымен Өскемендегі орталыққа жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар