Дәрігерлер әйел денесінде бір метрлік дәкені ұмыт қалдырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Воронеж қаласында дәрігерлер әйел құрсағынан бірнеше жыл бұрын ұмыт қалдырылған бір метрлік дәкені алды.

Дәрігерлердің пайымдауынша, бұл зат бірнеше жыл бұрын жасалған ота кезінде ұмыт қалдырылған, деп хабарлайды «МОЕ! Online» ақпараттық порталы.

2015 жылы Старый Оскол тұрғыны Юлия Хаустова қалалық № 2 ауруханаға түскен. Оған ота жасалған, бірақ әйелдің жағдайы жақсара қоймаған. Екі жыл бойы тоқтаусыз емделуін жалғастырады. Бірақ еш нәтиже шықпайды. 2016 жылы мамырда гинеколог оған қайта операция жасауды белгілейді.

Ота кезінде ұзындығы бір метрлік дәке табылды.

Дәрігерлердің пікірінше, ағзада осындай ірі затпен екі жыл бойы аман-есен жүру таңқаларлық оқиға.

Юлия Хаустова жақын күндері  сотқа арызданып, моральдық және материалдық  өтемақы талап етпек.

Соңғы жаңалықтар