Дариға Назарбаева: Жеке әскери компаниялар құру туралы ұсынысты қолдамаймын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жеке әскери компаниялар жоқ. Бірақ оның құрылуын қолдамаймын. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін, БАҚ-та  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдеріне жеке әскери компанияларды заңдастыру жөнінде ұсыныс жасалғандығы хабарланған еді.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер тарапынан қойылған аталған ұсынысқа қатысты сұраққа Дариға Назарбаева пікірін білдірді.

«Қазақстан аумағында осындай компаниялар жоқ. Бұл мәселе мұндай жеке әскери компаниялары бар елдерге қатысты деп ойлаймын», - деді ол.

Сонымен қатар Д. Назарбаева аталған компаниялар Қазақстанға керек емес деген ойын қосты.

«Мұндай идеяны қолдамаймын. Бұлар адам өлтірудің жеке машинасы іспеттес, сондықтан мұндай компаниялар болмауы тиіс»,- деп қадап айтты депутат.

Соңғы жаңалықтар