Дариға Назарбаева Т72 «танкісімен» оқ атты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Дариға Назарбаева бастаған ҚР Парламенті Сенатының бірқатар депутаттары Алматы қаласында орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери институтының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттарды аталған әскери институт басшысы полковник Серік Асанов қарсы алып, оқу орнының тарихы мен бүгінгі ахуалын баяндап берді.

«Құрлық әскерлерінің әскери институты 1970 жылы құрылған. 2003 жылы ҚР Үкіметінің №1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің әскери институты болып өзгертілді. Оқу орнының басты міндеті - құрлық әскерлерінің құрылымдарына  жоғары мамандандырылған офицерлерді әзірлеу. Институт офицерлерді 14 мамандық бойынша дайындайды», - деді Серік Асанов.

Институт басшысының айтуынша, оқу орны заманауи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген.

«1000-ға жуық курсант қазір білім алып жатыр. Жыл сайын 400 адам қабылдаймыз. ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан оқу базасын күшейтуге барынша көмек көрсетіліп келеді. Қазіргі уақытта қорғаныс саласының 70 пайызы біздің түлектеріміз. Біздің курсанттарымыз тәжірибе алмасу үшін АҚШ-қа, Ресейге барады. Бірқатар мамандықтар бойынша Түркия, Қытай, Ресейде курсанттар білім алып жатыр», - деді полковник Асанов.
null 

Институт басшысы оқу орнына өзге елдерден келіп білім алатындар бар екенін айтты.

«Қазақстан азаматтарымен қатар, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келіп оқып жатыр. Қазіргі уақытта шетелдік 100 курсант бар. Жалпы, институт құрылғалы өзге елдің 200 азаматы білім алып шықты. Жалпы құрылғалы бері оқу орны 17 мың офицер дайындады. Институт аумағы 7 гектар жерді алып жатыр. Қазіргі уақытта біздің түлектердің ішінен шыққан 70 генерал бар. Тәжікстан да біздің түлектерді аса жоғары бағалайды», - деді ол.

Институт басшысын тыңдаған Дариға Назарбаева жетістіктері мақтануға тұрарлық екенін айтты.

«Институтқа бәріміз таң қалып жатырмыз. Құрал- жабдықтармен 100 пайыз қамтылған. Нағыз әскери институт десе болады. Биыл осы оқу орнына түсуге бір орынға 10 адам таласқан екен.Ауылдан жастар келіп оқиды. Әскери білім алып, 4 жыл оқығаннан кейін қайда жұмысқа орналасатынын біледі», - деді Дариға Назарбаева. 
null 

Институт жұмысын аралау барысында Дариға Назарбаева «Т72, Т72Б» танкілерінің макетіндегі автоматтандырылған ату құралымен нысананы көздеп, бірнеше оқ атты.
null 

«Осындай құрылғылар арқылы қаражатты үнемдеуге болады. Бірақ полигонда оқу, ату жаттығуларынан өту - ол мүлде басқа. Мұнда ойын автоматында отырғандай күйде болдым», - деді Дариға Назарбаева. 

ҚР Халық қаһарманы, Сенат депутаты Талғат Мұсабаев Дариға Назарбаеваның бұл жаттығуын әскери адам ретінде жоғары бағалады.
null 
null 

«Дариға НұрсұлтанқызыТ72 оқу-жаттығу танкісінің кабинасына кіріп, оқ атты. Жақсы нәтиже көрсетті. Үлгілі курсанттың тапсырмасын орындады, оны кез келгеніміз бірден жасай алмас едік. Бірінші рет отырып тұрған адам мұндай нәтиже көрсеткені, оның негізі бар екенін көрсетеді. Комитет төрайымының өзі келіп, жағдайды көзімен көруі бұл жақсы дүние», - деді Талғат Мұсабаев.  

Талғат Мұсабаев институтқа дейін шекара заставасында, «Қорғас» кеден бекетінде болғанын айтты.

«Біз кеше шекара заставасында болып, «Қорғастағы», Жаркенттегі шекарашылардың жағдайымен таныстық. Бүгін құрлық әскерлерінің әскери институтына келіп отырмыз. Біздің мақсатымыз - әскери мекемелермен танысу. Біз қорғаныс саласын толығымен қамтамасыз етуіміз керек»,- деді Талғат Мұсабаев.  

Айта кетейік, оқу орны жыл сайын 400 курсант қабылдайды. Ақылы оқу түрі жоқ. Орта мектеп бітірген түлектер ҰБТ нәтижесімен қосымша емтихандар тапсырады. 
null 
null 

null 

Соңғы жаңалықтар