Дариға Назарбаева СІМ Қоғамдық кеңесін басқаратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесіне басшылыққа келді.

Кеңестің кезекті отырысы 15 қарашада СІМ-де өтті. Д. Назарбаева осы лауазымды осыған дейін атқарған Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімоваға жұмысы үшін алғыс білдірілді.

«Өзінің кіріспе сөзінде Д. Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету Қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті», - делінген баспасөз хабарламасында.

Өз кезегінде,  Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясына қазақстандық делегацияның қатысу нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі басымдықтары жөнінде толық баяндап берді.

Соңғы жаңалықтар