Дариға Назарбаева: ЕАЭО-ның өз телеарнасы болу керек

None
None
МӘСКЕУ. Қазақпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті делегациясы Дариға Назарбаеваның басшылығымен Еуразиялық экономикалық комиссия колегиясының Төрағасы  Тигран Саркисянмен, сондай-ақ коллегия мүшелері (министрлер) Тимур Жақсылықов пен Марат Құсайыновтармен кездесу өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Мәскеуден.

Тараптар Еуразиялық интеграцияның ары қарайғы дамуын талқылады.

Кездесу барысында ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Дариға Назарбаева Еуразияллық интеграция мәселесі Қазақстанның күн тәртібінде маңызды орын алған тақырып екенін жеткізді.

Сондай-ақ, сенатор Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық үдерістерінің жеткілікті деңгейде жарияланбай жатқандығын, ЕАЭО-ның өз телевидениесі болуы керектігін атап өтті.

«Үлкен насихаттық жұмыс жүргізу керек. Ақпараттық кеңістікте интеграциялық процес жеткілікті деңгейде насихатталып жатқан жоқ. Мен ЕАЭО өз телеарнасын ашуды қолға алуы керек деп есептеймін. Бұл міндетті МИР арнасы атқара алады деп санаймын», - деді Д.Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар