Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар оңтүстіктегі әскери құрылымдарды аралады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстанға арнайы іссапармен келді. 

null

Комитет мүшелері күнгейдегі  әскери құрылымдар мен бөлімдерді аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде болған сенаторлар жауынгерлік қызмет пен жеке құрамға жүктелген құқық қорғау міндеттерімен танысты.  Олар бөлімдегі  әскери техниканың, қару-жарақ пен қорғау құралдарының жаңа үлгілері, сондай-ақ Ұлттық ұлан қамтамасыз етілген киім үлгілерін көріп шықты. Сондай-ақ, еліміздегі аса жауапты жауынгерлік-барлау тапсырмаларын орындауға міндеттелген «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының қызметі және бөлімшенің тыныс-тіршілігінен хабардар болды. Мұнан соң  «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының мүшелері жауынгерлерік жаттығулар мен қорғаныстың түрлі  әдіс-тәсілдерінен қойылымдар көрсетті. Әрі депутаттар Ішкі әскердің 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жаужүрек 17 жауынгерінің ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды. Кездесу барысында ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов депутаттарға қолда бар әскери техникалардың мүмкіндігі мен әскери құрылымды одан әрі дамытудағы келешекте атқарылатын істерді айтып өтті.  Өз кезегінде, сенаторлар өңірдегі қорғаныс жүйесін жетілдіру мен күш-қуат органдарының әлеуетін арттыру бағыттарын талқылап, қажет болған жағдайда сенат тарапынан түрлі қолдаулар көрсететінін атап өтті. 

null 

«Еліміздің қорғаныс күші бүгінде кез келген қауіпті жағдайға төтеп бере алатын жағдайда. Ал, оңтүстіктегі шекаралы аймақ пен бұл бағыт біз үшін маңызды саналады. Себебі, әлемде террористік әрекеттерден қорғаныс күшейтіліп жатқан жағдайда біз де сақтық шараларымызды қолға алуымыз қажет. Бұл ретте оңтүстіктегі әскери құрылымдардың қорғанысы мен қажетті техникасы күннен күнге жаңартылып отырғанын көріп отырмыз. Десе де ертең біз бұл саладағы барлық келелі мәселелерді өзара талқылайтын боламыз. Қажет болған жағдайда Сенатта көтеріліп, қолдау көрсетіледі»,- деді  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Икрам Адырбеков. 

null nullnullnullnull nullnull

Соңғы жаңалықтар