Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -6 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары талқыланды

2017 жылғы 28 қыркүйек 16:57 169
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықтың денсаулығын жақсарту, медициналық көмектің, дәрі -дәрмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру бүгінгі таңда Үкімет алдында тұрған маңызды тапсырмалардың бірі.

Баршамызға мәлім, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруды Мемлекет басшысы тапсырған болатын. Соның нәтижесінде 2012 жылдан бастап амбулато¬риялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетіл¬діру бойынша негізгі іс-шараларды іске асыру басталды. Биыл да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ.

Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында және 4 қыркүйекте Парламент палатасының бірлескен отырысында дәрілік заттармен және медициналық теxникамен қамтамасыз ету барысына қатысты мәселелер көтерілген болатын. Сондай-ақ, өзектілігін жоймаған  отандық фармацевтикалық нарықты дамытуда туындаған кедергілерге талдау жүргізу қажеттілігіне де біраз көңіл бөлінді. Осы  бағытта Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды пайдалану саласын қалыптастыру бойынша әртүрлі жұмыстар атқарды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлім етті.

Төрайымның сөзіне сүйінсек, дәрілік заттарды қамтамасыз ету және пайдалану аясында жүзеге асырып отырған шараларды төрт негізгі бағытқа бөлуге болады:

1. Экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Яғни, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі мен бөлшек нарығындағы бағаны реттеуді енгізу. Соның аясында мемлекет тарапынан сатып алынған дәрілік заттардың бағасын реттеу үшін қолданыстағы жүйені дамыту, жақсарту.

2.  Мемлекет сатып алатын дәрілік заттардың тізімін қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету. Бұл орайда медициналық теxнологияны бағалаудың xалықаралық меxанизмдерін енгізу. Осы арқылы мемлекет тарапынан сатып алынатын дәрілік заттардың тізімін қалыптастыру. 

3. Медициналық теxниканы және дәрілік заттарды сатып алудың ашық рәсімін қамтамасыз ету. Яғни, амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттарды қамтамасыз етуді орталықтандыру және электронды сатып алуға толықтай көшу арқылы жүзеге аспақ.

4. Медициналық өнімдер мен дәрілік заттарды тіркеу рәсімін жеңілдету. Бұл үшін әкімшілік кедергілерді азайту керек

Әдетте, жыл соңына қарай қажетті препараттар бәріне жетпей қалып жатады. Бірақ, айта кету керек, биыл экономикалық тиімді дәрі-дәрмектердің есебінен тегін амбулаторлық қамсыздандыру үшін дәрілердің тізімі қайта қаралған болатын. Соның нәтижесінде, аталған тізім кеңейтілді. Мәселең, жұқпалы С гепатитін емдеу үшін қымбат және тиімділігі төмен пегилировтік (60%) интерферонды терапиясы анағұрлым тиімді (98%) тізбесіне ауыстырылды. Аталған шара, біріншіден бюджетке салмақ түсірмейді, екіншіден, дерттен айығушылардың санын 500-ден 8000-ға дейін арттыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі дәрілік заттарды қамтамасыз ету саласындағы барлық реформалар  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылған.

Бүгінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дәрі-дәрмектердің қымбаттауына қарсы күрес шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.


Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат