Дархан Мыңбай: Бірлігі жарасқан көпұлтты елді дау да, жау да ала алмайтынын дәлелдедік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық музейде ғалымдар мен сарапшылардың «Заманауи полиэтникалық мемлекет: ұлттық модельдер және даму стратегиялары» атты халықаралық форумы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

Форумға ҚХР, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь елдерінен келген сарапшылар, сонымен бірге, халықаралық қатынастар саласындағы отандық сарапшылар қатысуда. Жиында азаматтық бірегейлікті қалыптастыру тәжірибесін мәдени-философиялық тұрғыда түсіну, Елбасының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің орнын және оның қазіргі уақытта ұлғайып келе жатқан сын-қатерлер жағдайындағы рөлін, ҚХА институтының қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлін ашық көрсету мәселелері талқыланып жатыр. 

null 

««Бірлігі бекем ел озады» деген нақылды ұстанған тәуелсіз мемлекетіміз экономикалық және саяси тұрғыдан табысты саясат жүргізе келе, рухани жаңғыруға қадам басты. Күні кеше ғана жер жаһанды дүбірлетіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін абыроймен өткіздік. Шынымен де, шара өте табысты өтті. Оған Елбасының да, елдің де берген бағасы өте жоғары. Бүгінгі жиынымыз соның жалғасы іспетті. Елбасы өз сөзінде «Тәуелсіздіктің ең басты тірегі - бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық екенін, осының арқасында біз 25 жылдың ішінде мемлекет құрып, халықтың әл-ауқатын жоғарылатқанымызды, ал Ассамблея осы қасиетті тірегіміздің мызғымас тұғыры» деп атап өткен болатын. Расында да, біз егемен ел ретіндегі өмір сүрген жылдарда төрткүл дүниеге бірлігі жарасқан көпэтносты елді даудың да, жаудың да ала алмайтынын дәлелдер бердік», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай.

null 

Форум барысында көршілес елдердің сарапшылары елдердің әріптестігі, сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейліктің тиімді түйіндесуі, ұлттық бірегейлікті талдау мәселелері талқыланбақ. Форум жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстанда да, әлемде де мәдени әртүрлілік пен мәдениетаралық диалогты сақтау және кеңейту бойынша тәжірибелік ұсыныстар тұжырымдалатын болады.

Соңғы жаңалықтар