Дархан Қыдырәлі: «Рухани жаңғыру» бойынша оқырмандардан мыңнан астам хат келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» басылымының жыл басынан бері 32 миллион тиражы жарық көріп, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауда толымды жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетсек, бүгін Астанада 2017 жылғы бекітілген жоспар бойынша ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Отырысқа ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысуда.

«Егемен Қазақстан» басшысының айтуынша, газет сәуірдің 13-нен бастап бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру мақсатында жұмыс жүргізіп келеді. Арнайы жоспарлар бекітіліп, жаңа айдарлар ашылған. 

«Бұл ретте «Қазақ қашан да қазақ» жобасын ерекше айтуға болады. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Атажұрт», «Көне тарих күмбезі» және өзге де айдарларды ерекше атап өткім келеді. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рухы газеттің болмыс-бітімі мен тұтас мазмұыннан күн сайын айшықты көрініс тауып отыр.

Сәуір айынан қараша айынан дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 540, білім саласына қатысты 850 мақала жарияланды. Бұлардың басым бөлігі елдегі зиялы қауым өкілдері мен зиялы қауым өкілдерінің ой-толғаулары, пікірлері болып табылады», - дейді ол.
Дархан Қыдырәлі өз сөзінде «Егемен Қазақстанның» ең оқылатын үшінші беті «Рухани жаңғыруға» бағдарламасына арналғанын айтып берді.

«Бұлардың ішінде бағыттардың бәрін қамтуға тырыстық. Шілде айында бір сараптама бойынша, «Егемен Қазақстанда» жарияланған мақалалар Қазақстанда жарық көрген бүкіл қазақ және орыс тіліндегі материалдардың санынан артық екен. Демек, Егемен - көш басында келеді. Әсіресе, латын графикасындағы әліпбиге байланысты өте көп материал шықты. Біз жұртшылықтың барлық ұсыныстарын беруге тырыстық», - дейді басылым басшысы.

Дархан Қыдырәлі сонымен бірге, оқырманға осы аманатты жеткізу мақсатында 13 сәуірден бастап 32 миллион газет басылса, интернет жетпейтін ауылдарға «Рухани жаңғырудың» аманаты Егемен Қазақстан арқылы жеткенін айтады.

«Рухани жаңғыру» бойынша қолдау хаттар келіп, газетте жарияланды. Осы уақытқа дейін оқырмандардан мыңнан астам хат келді. Көпшілігін беруге тырыстық. Қазақ қоғамының тынысы мен құндылықтарын орыс және ағылшын қауымына жеткізу мақсатында egemen.kz сайты ағылшын және орыс тілінде жұмыс жүргізе бастады. Бұл енді еліміздегі үш тұғырлы тіл саясатын жүргізу мақсатында қолға алынып отыр. Сонымен қатар, Егеменнің онлайн жаңалықтары латын және төте жазуда таратылады. Конвертер орнатып қойдық», - дейді Дархан Қыдырәлі.

Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңірек насихаттау үшін газет тілшілері барлық өңірдегі оқырмандармен кездесу өткізген. Кездесу барысында «Рухани жаңғырудың» мән-мазмұнын көпке жеткізілген.

Дархан Қыдырәлі сонымен бірге, Ұлытау экпедициясы туралы сөз қозғап, ол бастама ғылыми ортада кеңінен қолдау тапқанын атап өтті.

«Біз бұдан кейін де жұмыстарды жалғастыра береміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің 100 жылдық басылымымыздың мән-мазмұнымен үйлеседі. 2018 жылы газет өзінің жоспарын жасап жатыр», - деп түйді Дархан Қыдырәлі.

Соңғы жаңалықтар