Данияр Елеусінов профи-рингтегі дебютін өткізу үшін Нью-Йоркке барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізу үшін Нью-Йоркке барды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен де Нью-Йоркке келдім. 28 сәуірде осы үлкен ойын-сауық кешенінде Димашпен жекпе-жегіміз өтеді», - деп жазды Олимпиада чемпионы өзінің Instagram парақшасында.

Елеусінов 28 сәуірде Бруклинде (АҚШ, Нью-Йорк штаты) америкалық Ноа Киддке (3-0-1, 2 КО) қарсы кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасын өткізеді. Кидд бұған дейінгі екі жекпе-жегін - техникалық нокаутпен, бірін төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Төртінші айқас тең нәтижемен аяқталды. Елеусінов-Кидд айқасы алты раундқа есептелген.

Димаш Ниязов 25 жастағы мексикалық Анхель Саринанамен (7-7-2, 3 КО) жұдырықтасады. Бұл бокс кешінде Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен поляк Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) хедлайнер болады.

Соңғы жаңалықтар