Данияр Елеусінов америкалық боксшыны нокаутқа түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Данияр Елеусіновтің америкалық боксшы Ноа Киддқа қарсы жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтті. Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы бірінші жеңісін тойлады.

Еске сала кетейік, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та кәсіби рингте өтетін өзінің дебюттік кездесуі алдында сұхбат беріп, жоспарларымен бөліскен болатын. 

Соңғы жаңалықтар