Данияр Елеусінов әлемді мойындатады - промоутер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегі қарсаңында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бұған дейін хабарланғандай, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің қарсыласы америкалық Ной Кидд (3-0-1,2KO) болады. Боксшылардың жекпе-жегі 28 сәуірде Бруклиндегі «Barclays Center» аренасында өтеді.

Ашық жаттығу кезінде Данияр Елеусінов AB BOXING NEWS-тың шетелдік YouTube арнасының тілшісіне кәсіби боксқа келуі және болашақтағы жоспарлары туралы ойларын айтып берді.

-   Нью-Йорктегі кәсіби бокстағы алғашқы дебютіңіз туралы не айтасыз?

-  Нью-Йорк - кәсіби бокстың «Меккесі», бәрі осы жерден басталады. Мен осында жүргеніме қуаныштымын және бұл жерде алғашқы кәсіби дебютімді өткізетінім тіптен керемет.

-  Әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысу кезеңі қалай өтеді?

- Шынымды айтсам, мен боксты жақсы көремін. Маған жаттығу процесі,   ұйымдастыру кезеңі  қатты  ұнайды. Кәсіби бокс - ең алдымен  өте үлкен шоу. Әуесқой бокста мұндай  болмайды.

- Қалай ойлайсыз, Қазақстаннан шыққан келесі әлем чемпионы атану  үшін сізге қанша уақыт керек болады?

- Мен өте жылдам, бірақ жүйелі түрде жоспарлап отырмын. Мүмкін келесі жылы болып қалар.

 Елеусіновтің промоутері Эдди Херн де  өз пікірін білдірді.

-Сіздер бұл жігіттің қаншалықты талантты екенін әлі жеткілікті деңгейде түсінбей отырсыздар. Ол Геннадий Головкин емес, ол Данияр Елеусінов. Қазіргі уақытта ол Қазақстанның «алтын баласы». Геннадий Головкинмен салыстырғанда, дәл қазіргі сатыда ол танымалдықтың мүлде басқа деңгейінде.  Қазақстанда ол барлық плакаттардың айнасына айналған жігіт. Ол керемет талантты және ол орташа салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына ие болады.

- Сіз оны қалай таптыңыз?

- Мен оны Зианың (Әлиев-ред.) арқасында таптым. Ол кезде мен жаңа боксшылар іздеп жүрген едім. Мен бұл жігітті Олимпиада ойындарында телеарнадан көрдім. Сол кезде оған деген қызығушылығым оянды. Сөйтіп, ол туралы GeeBee турниріне қатысқан боксшылардан сұрай бастадым. Және оның кім екенін білдім

Содан кейін мен Қазақстанға келіп, екеуміз келісімшартқа қол қойдық. Енді ол АҚШ, Ұлыбритания, Монакода бокстасады.  Даниярдың көп ұзамай әлемдік бокс жанкүйерлерінің жүректерін жаулап алатынына сенемін, - деді Эдди Херн.

Аударма: Абай Абылайұлы

Соңғы жаңалықтар