Данияр Ақышев: Теңгенің нығаюы - мұнай бағасының көтерілуінің әсері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің нығаюына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айдың басынан бері теңге 3%-ға нығайған. ҚР Ұлттық банкі өз кезегінде атап өткендей, бағамға араласпауға тырысады. Қаржы реттеуіш басшысы баспасөз мәслихатында доллар бағамының неге түсіп жатқанын және сәйкесінше теңгенің нығайып жатқаны туралы айтты.

«Теңгенің қазір нығаюы - былтыр қарашада басталған мұнай бағасының көтерілуінің әсері. Қазір биржада нарықта түсімді сатып жатқан экспортшылар тарапынан үлкен сауда жасалуда, ұсыныстар сұраныстан асып жатыр, теңге нығаюда. Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетіне қалай әсер етіп жатқанына әзірге баға беру қиын. Қаңтардағы инфляция бойынша деректерді алу керек», - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ, Данияр Ақышев долларға шаққанда теңге бағамын болжауға болатыны туралы айтты.

«Өкінішке орай, қоғам айырбас бағамының қалай өзгеретінін білу үшін математикалық формула жасауға тырысып жатыр. Сіздерге айтайын, оның нақты формуласы жоқ. Оған түрлі арналар мен тетіктер ықпал етеді. Мәселен, бүгін таңғы сағат 10-да Лондон биржасында мұнай бағасы өссе, теңге сол сәтте нығаяды деген сөз емес. Бүгін сатылған мұнай дәл бүгін жеткізілмейді. Сәйкесінше, бұл операциялардың ақшалай түсімі қазір сатылмайды. Дәл қазір, Лондонда мұнай бағасы көтерілген кезде, Қазақстанда - KASE биржасында жоғарылайды. Мысалы, көпшілігі валюта сатып ала алады, демек теңге бағамы төмендейді. Барлығы Ұлттық банк курс айырбастауға кедергі жасайды, Қазақстан әлемдік трендтерден қалыс қалып жатыр  деген теорияны алға тартуға тырысуда. Бұл дұрыс емес. Теңге бағамы мұнай бағасы мен сауда сауда серіктес елдердің валюта бағамының ықпалымен қалыптасуда», - деді Д.Ақышев. 

Соңғы жаңалықтар