Данияр Ақышев бұғатталған 22 млрд АҚШ доллары туралы түсініктеме берді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев «Россия 24» арнасында ҚР Ұлттық қорындағы 22 млрд теңгенің бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай келеңсіздік бұрын Ресейде де болған.

«Бізге де сол жағдай тап болып отырмыз. Сондықтан, бұл жерде Қазақстанға қатысты жүйелі әрекет деп қарастырмау керек. Біздің ойымызша, бұғаттау туралы шешім алаяқтық жолмен алынған. Сондықтан, біз сот процесін қозғап жатырмыз», - деді бас банкир.

Оның айтуынша, қазір бұл процеспен ҚР Әділет министрлігі айналысып жатыр.

ҚР Ұлттық банкі бұл процесте басты кеңесші ретінде қатысып жатыр.

«Біз сотқа 500 млн долларға арызданып жатырмыз. Ал бұғатталған сома 22 млрд доллар. Екеуінің айырмасы өте үлкен. Сондықтан, сот орындаушыларының әрекетін алаяқтық жолмен шешімнен бастау алғанын дәлелдеуге тырысып жатырмыз», - деді ол.

Данияр Ақышев одан ары қандай да болмасын түсініктеме беруден бас тартты. Бұл мәселе теңге бағамына қалай әсер ететінін де түсіндіріп өтті. Ұлттық банк басшысының хабарлауынша, бұл Қазақстанның ақша-несие саясатына еш ықпал етпейді.

«ҚР Ұлттық банкінің алтын валюта қоры сақтаулы. Ал Ұлттық қор қаржысына қатысты Әділет министрлігімен біріге зерттеу жүргізіп жатырмыз», - деді Ақышев.

Соңғы жаңалықтар