Даниал Ахметов Зыряновск ауданы проблемаларын шешуге уәде берді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Шығыс Қазақстан облысындағы Зыряновск ауданы жолды жөндеуде және мектеп су тасқынынан аман қалады.

ШҚО әкімі Даниал  Ахметов бүгін ауданға жасаған жұмыс сапары барысында осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ақпараттық орталыққа сілтеме жасап.

 

Снегирово ауылындағы бөгет 1973 жылы салынған.Осыдан екі жыл бұрын ұзаққа созыған жаңбырдан кейін өзен арнасынан шығып, үйлерді су басқан еді. Сондықтан  бұл келеңсіз жағдайдың қайталанбауы үшін бөгетті нығайтуға шешім қабылданды. Жөндеу жұмыстарынан кейін бөгет бес метрге көтерілді. Енді ол  су 2015 жылғы деңгейге тағы да көтерілген жағдайда, ауыл тұрғындарын қорғай алады. Мұндай  топырақ үйінділері Хамир өзені жағасына да төселді.



 «Ағымдағы жылы өңірде тасқын қаупі бар учаскелер алдын ала нығайтылды және ол өз нәтижелерін көрсетуде. Дегенмен Бесқарағай және Северный елді мекендерінде  жер асты суларының көтерілуінен қиындықтар туындады. Олар бойынша да барлық шаралар қабылданатын болады»,-деп атап өтті Даниал Ахметов.

 

Зыряновскіде өңір басшысы «Нивы Чапаево» ЖШС-нің жаңартылған техникасын көрді, қала қазандығын қайта құру жобасымен танысты. Бұдан соң Д. Ахметов құрылыс және көлік колледжінде, аудандық ауруханада болды. «Зубовск-Зыряновск» тасжолының жағдайымен танысты .

Бұл жол аудан орталығын үш ауыл округімен байланыстырады. 25 жылдан бері жөндеу көрмеген. «Енді жағдай өзгереді»,-деп уәде берді әкім. Ағымдағы жылы оны қайта салуға 200 млн теңге бөлінеді.

Жұмыс сапарының соңында  өңір басшысы  тасқын қаупі бар учаскеде орналасқан Зубовск орта мектебіне барды.

Бұдан бірнеше жыл бұрын таудан түскен көшкін тура мектеп ғимаратының алдында тоқтаған еді. Мектеп оқушыларын  апаттан қорғау үшін жалпы сомасы  30 миллион теңгені құрайтын 180 қоршау тұрғызу қажет.  

Бұл мәселе облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ.  Даниал Ахметов қажетті құжаттар  қалай дайын болады, бірден қаражат бөлінетіндігін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар