Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -5 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

Даниал Ахметов ШҚО Жеңіл атлетика федерациясының төрағасы болып сайланды

2017 жылғы 7 желтоқсан 17:33 532
Поделиться:
Даниал Ахметов ШҚО Жеңіл атлетика федерациясының төрағасы болып сайланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда Жеңіл атлетика федерациясына жаңа басшы сайланды. Енді болашақ олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу ісіне өңір басшысының өзі тікелей басшылық ететін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының конференциясында Даниал Ахметов атқарушы комитеттің мүшелігіне де сайланды.

Осы аптада Өскеменде облыстық Жеңіл атлетика федерациясының конференциясы өтті, оған олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да қатысты. Ол төраға орынбасары болып тағайындалды. Жаңа басшының бірінші тапсырмасы бір ай мерзімде өңірде жеңіл атлетиканы дамыту бағдарламасын әзірлеу болды. Бағдарламаның алдына «ALTAY ATHLETICS» кәсіпқой клубының қызметін және өңірдегі осы саладағы жұмыстарды жүйелеу мақсаты қойылды.

Даниал Ахметов ШҚО Жеңіл атлетика федерациясының төрағасы болып сайланды

«Мұнда барлығы да кәсіпқой клубтардағы сияқты болуын қалаймын. Біздің балалар көп ақша табу мүмкіндігін беретін мамандық екенін түсінуі тиіс. Бүкіл Қазақстаннан жеңіл атлеттерді іздеп тауып, оларды «ALTAY ATHLETICS» клубына әкелу және жас таланттарды іздеуді дәйектілікпен жүргізу - Федерацияның міндеті», - деді Д. Ахметов.

Федерация базасында тағы екі команда жасақталады. Олардың біріне елдің түкпір-түкпірінен жартылай кәсіпқой спортшыларды, екіншісіне тек Шығыс Қазақстанның талантты жастары жиналады.

Даниал Ахметов ШҚО Жеңіл атлетика федерациясының төрағасы болып сайланды

Бүгінгі таңда облыстық орталықта 50-ден астам бала спорттық қыр-сырын үйреніп жатыр. Жуырда Семейде және барлық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде жеңіл атлетика бөлімшесі ашылады.

Даниал Ахметов ШҚО Жеңіл атлетика федерациясының төрағасы болып сайланды

Еске сала кетсек, ШҚО-да Даниал Ахметовтің бастамасымен қарашада жеңіл атлетикадан елдегі тұңғыш кәсіпқой клуб - «ALTAY ATHLETICS» құрылған болатын.

Даниал Ахметов ШҚО Жеңіл атлетика федерациясының төрағасы болып сайланды

 

 


Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат