Даниал Ахметов Өскеменнің аулаларына 2 млрд теңге бөлмекші

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі аулалардың бірінің тұрғындарымен жүздесті және ол тұрғындардың үйлеріне тиесілі аулалардың жағдайы күрт өзгеріске ұшырайтынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Осы аймақта алдағы айда балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынбақшы. Сондай-ақ жол жиегі мен көлік тұрақтары кеңейтіледі. Бұл бағыттағы шаралар барлық шағын аудандарда қолға алынады.

Даниал Ахметов қала әкіміне 1 ай көлемінде барлық жөндеу жұмыстарын аяқтап, абаттандырылуы қажет өзге аула территорияларының тізімін жасауды тапсырды.

«Өскеменнің аулаларын абаттандыру жұмыстарына біз облыс бюджетінен 2 млрд теңге бөлеміз. Келесі жылы жарықтандырамыз. Алдымен жарықтандыру жұмыстары мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды сосын аулаларды қамтитын болады. Болашақта біз барлық аулаларды бейнекамералармен қамтимыз. Ал сіздерден біз осы игіліктердің барлығына баскөз болуды сұраймыз»,-деді өңір басшысы.

Облыс орталығында көшені жарықтандыратын 12 мың лампаны ауыстыру көзделіп отыр. Ас ескі лампалар аулаларға орнатылады.

Соңғы жаңалықтар