Даниал Ахметов: Ауылдағы білім сапасы қаладан жоғары

None
None
    ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Даниал Ахметов қала мектептеріндегі білім сапасын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Көкпекті және Аягөз аудандарының мұғалімдеріне бүкіл облыс халқының атынан алғыс айтқым келеді. Бұл екі аудан ҰБТ нәтижесі бойынша қала мектептерінен жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр» - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, ауыл мектептерінде білім беру ісі қала мектептеріне қарағанда тиімді ұйымдастырылуда.

«20 ауыл мектебі ҰБТ нәтижесі бойынша 100 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті. Ондай межені бағындырған қала мектептерінің саны 9 ғана. Өскеменде бұл деңгейге 3 мектеп қана қол жеткізген. Ал Семейде бір де бір мектептің орташа көрсеткіші 100 балдан аспаған. Бұл ауыл мектептерінде білім беру тиімді ұйымдастырылып отырғанын көрсетеді»- деді ол.

Соңғы жаңалықтар