Данэлия Тулешова Украинаның таңғы шоуына қатысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуының 10 жастағы жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова 1+1 арнасының «Сніданок з» таңғы шоуына қатысып, алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама жүргізушілері Егор Гордеев пен Людмила Барбир жас әншінің ересек адамдарша ән орындайтын қабілетіне таң тамаша болды.
null

«Менің даусым бір құдайдан берілген. Талант болғаны жақсы, бірақ оны бағалап күтпесең, ол саған көмектеспейді», - деді Данэлия.

Жас әнші өзінің жұлдызбын деп сезінбейтіндігін айтқан.

«Шынымды айтсам, мен өзімді әлі жұлдыз сезініп отырған жоқпын. Жобадан соң екі сағаттай ғана ұйықтадым. Үйіме жеткен соң ғана бәрін анық сезінетін болармын», - деді жеңімпаз.
null

Жүргізушілер Данэлияның 1,5 жыл ғана вокалға барып жүріп, осы дәрежеге қалай жеткенін сұрады.
null

«Шын мәнінде менің анам мен оқытушым Наталия Александровнаның арқасында осы жетістікке жеттім. Егер саған ешкім сенбесе қандай да бір жетістікке жету қиын», - деді Данэлия.

Жас әнші тәлімгері Дмитрий MONATIKпен қалай жұмыс жасағанын да айтып берді.

«Мен қатыспай тұрып, шоудың барлық кезеңдерін қарап шықтым. Бірінші тыңдауда тым болмаса бір төреші бері қараса екен деген арман болды. Дмитрий маған сенім білдірді. Соның арқасында барлық кезеңнен өттім. «Ешкімнің есінен кетпейтіндей өнер көрсет» деп шығарып салды. Жеңімпазды атағанда менің құлағыма «жарайсың» деп сыбырлады», - деді ол.
null

Эфир соңында жүргізушілер 10 жастағы қыз балаға Florence and the Machine британ тобының «Spectrum» әнін орындау үшін батылдық керек екенін атап өтті. Осылайша Данэлия Төлешова Украина ән байқауының тарихында ең ерекше қатысушы ретінде қалмақ.

Айта кету керек, украиналық «Голос. Дiти» шоуында қазақстандық қыз 10 жастағы Данэлия Тулешова жеңімпаз атанған болатын. Суперфиналда ол «Океан Эльзы» тобының «Не твоя війна» әнін орындады. Жас өнерпаздың әні біраз көрермендердің көзіне жас үйірді.

5 қарашада басталған шоуда қазақстандық әнші жобаның жарық жұлдызына айналды. Данэлияның өнер көрсеткен видеосын 6 млн адам тамашалаған. 

Жеңімпаздың әндері «Наше радио» арнасынан 3 ай бойы қойылып тұрады. Сонымен қатар бүлдіршін «Disneyland Paris»ге саяхаттайтын болды.

Соңғы жаңалықтар