Данэлия Төлешованың ұстазынан дәріс алам деушілердің саны көбейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жезтаңдай әнші Данэлия Төлешованың ұстазы «Голос.Діти» шоуынан соң қалай танымал болғаны туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді

Дүбірлі додадан соң одан тәлім алсам деушілер көбейген.

«Студиямыздың ашылғанына 11 жыл болды. Осы уақыт аралығында балалардың арманын орындауға атсалысып келеміз. Қазақстанда бірнеше жоба бойынша бас жүлделерді қоржынымызға байлағанбыз. Бірақ өткен жылдағы жеңісіміз ерекше дер едім. Данэлияның жеңісінен соң келіп жатқан қоңырауларда есеп жоқ.

Қосымша екі вокал класын ашуға тура келді. Бұл жеңіс көп адамға шабыт бергені қуантады. Данэлияның өнерінен соң қиын әндерге қадам бассам деген оқушыларым көп», - деді Наталия Чуракова.

11 жастағы Данэлия Төлешова «Голос. Діти» шоуының жеңімпазы атанғалы бері орталықтың мақтанышына айналған.

«Данэлия Төлешова - ерекше дарын иесі. Айтқаныңды лезде қағып алады. Бұрынғы аудиоларды тыңдап отырып өзінің қандай дәрежеге көтерілгенін біліп отыр. Мен үшін балалардың кәсіби тұрғыдан өскені өте маңызды», - деді Наталия.

11 жылдан бері орталықтан жүздеген әнші шыққан.

Олардың ішінде танымалдары - Санда Садуақасова, жақында ғана Қазақстандық шоу «Голос. Дети Казахстана» жеңімпазы атанған 10 жастағы Даниил Юн, «Голос. Дети Казахстана» байқауының былтырғы жеңімпазы Рашида Узыханова, Ванесса Безродная, «Хочу к Меладзе» шоуының финалисті Фариз Мамедов.

Соңғы жаңалықтар