Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат» ХАА.

Жексенбі күні телеарнада конкурстың жартылай финалы көрсетілді.

«Сенгім келмейді, мен - финалдамын!!! Қолдағандардың барлығына, әсіресе ұстазым Дима Монатикке шексіз алғыс айтамын», деп жазды жас әнші Инстаграмдағы парақшасына.

Алматының 10 жастағы тумасының өнерін тамашалаған қарсыластары да, ұстазы да, қазылар алқасы да сезімдерін жасыра алмады.

Данэлия жартылай финалда америкалық әнші Андра Дейдің Rise up  атты композициясын орындады.

Неужели это случилось!!!! Я в финале!!! Безумно всем благодарна за поддержку и особенно моему наставнику Диме Монатику @monatik_official❤️❤️❤️ @goloskrainy_official #командамонатіка #golos #голосдіти #voice #voicekids

Публикация от 💕Daneliya💕 (@tuleshova_daneliya) Дек 10 2017 в 12:54 PST

Соңғы жаңалықтар