Данат Жумин «Қазақстан-2050» қозғалысының басшылығынан кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы кеңесінің құрамы мен басшысы өзгерді. Бұл туралы аталмыш қозғалыстың бұрынғы лидері Данат Жумин хабарлады.

«Кешегі күн менің өмірімдегі маңызды күндердің бірі болды. Мен «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысының басшысы ретінде соңғы шарамды өткіздім. Маған бұл қызметті қолдаушыларымның сеніп тапсырғанынан 3 жыл болды. Біз алдын ала жоспарлаған істердің барлығы атқардық дей алмаймын. Дегенмен, біз ең басты мәселені - елде мүлдем жаңа ұйымның құрылуын қамтамасыз еттік. Мойындаймын, қалыптасу жолында өзіңнің бар күш-жігеріңді жұмсаған ұйымнан кете салу оңай емес. Психологиялық тұрғыдан оңай емес. Осының барлығын өзіңнен басқа ешкім де атқара алмайтын сияқты, ешкімнің қолынан келмейтін сияқты, орныңды алмастыра алатын адам жоқ сияқты көрінеді. Алайда бұл жәй қиял ғана. Мен Гарвардтан мәселелерді шешу үшін түрлі көзқарас қажет екенін жақсы ұғындым. Болашаққа ұмтылған ұйымда алмасу, өзгеріс деген болу керек»,-деп жазды Данат Жумин өзінің Facebook-тағы парақшасында.

Оның сөзінше, қоғамдық лауазымдарды жекешелендіріп алуға болмайды. Егер сен әрине, сол ұйымның дамығанын қаласаң...


«Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы» сынақтан өтті. Біз кеше кезекті сайлауды өткізіп, жаңа басшысын таңдадық. Ол Мұхтар Манкеев болды. Мен жаңа басшы біздің қозғалысымызды жаңа деңгейге шығаратынына сенімдімін»,-деді Жумин.

Соңғы жаңалықтар