«Даму» қоры «Қазкоммерцбанкке» 1 млрд теңге бөлді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Даму» қоры «Қазкоммерцбанкке» 1 млрд теңгенің несие желісін ұсынды. Бұл қаржының тең жартысы «Даму» қорының өз қаражаты болса, қалған соманы Алматы қалалық әкімшілігі бөлді. Нәтижесінде «Алматы инновациялар» бағдарламасын қаржыландыруға қажетті 1 млрд теңге қор құрылды, деп хабарлайды «Даму» қорының баспасөз қызметі.

«Даму» Қоры 500 млн теңге көлеміндегі бірінші траншты «Қазкоммерцбанкке» аударып қойды. Шарт бойынша банк 6 айдың ішінде Алматы қаласының шағын және орта кәсіпкерлерін «Алматы инновациялар» бағдарламасы аясында қаржыландыра бастауы керек.

Негізгі талаптар кәсіпкерлер үшін белгіленген жылдық сыйақы мөлшерлемесін - 8,5 пайыз деңгейінде қамтасыз ету.

«Яғни бір адамның қолына 100 млн теңгеден аспайтын сома тиеді. Жаңа құрал алып, негізгі жабдықтарды жаңарту және айналым қаражатын толықтыру үшін 84 айға дейін беріледі. Қаражат Алматы қаласында ресми тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға ғана бөлінеді»,-делінген хабарламада.

«Алматы инновациялар» бағдарламасына кіретін салалар:

Өңдеу өнеркәсібі бойынша - компьютер, электронды және оптикалық өнім, электр құралдары, өзге сала тізіміне енбеген машина және құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер.
Ақпарат және байланыс саласы бойынша - байланыс, компьютерде бағдарламалау, кеңес беру секілді тиісті қызмет түрлері, компьютерлік бағдарламалау саласындағы басқа да қызметтер, ақпараттық технологиялар саласындағы кеңес беру қызметтері, мәліметтерді өңдеп, орналастыру сияқты өзге де қызметтер.

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет бойынша - сәулет, инженерлік, техникалық сынақ пен талдау саласы; ғылыми зерттеулер; басқа да кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет - денсаулық сақтау саласы бойынша қызмет көрсету.

Соңғы жаңалықтар