Дакка әуежайында қоқыс жәшігінен үш келі алтын табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеш кеден қызметінің қызметкерлері Дакка қаласы Хазрат Шахджалал халықаралық әуежайында қоқыс жәшігінен үш келі алтын тапты, деп хабарлады РИА Новости.

Алтынның нарықтық құны 190 мың долларға бағалануда.

Кеденшілер әуежайға келген ықтимал контрабандашылар туралы ақпарат алды. Іздеу операциясы барысында иммиграциялық аймақтағы жәшіктен он алтын құймасын тапты.

«Контрабандашылар біздің офицерлердің ерекше белсенділігін көріп, алтыннан  құтылуға асыққан болуы мүмкін», - деген  кеден қызметінің өкілі Мойнул Ханның сөзін келтіреді Daily Star басылымы.

 

Соңғы жаңалықтар