Дакар раллиі: «Астана» ауыр жүк көлігі 4-ші орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дакар -2018» ралли-марафонының он үшінші кезеңі аяқталды. Аталған кезеңде раллишілер 929 шақырым жолды басып өтіп, он үшінші кезеңнің бағдары бойынша қатысушылардың керуені Кордобу жеріне - сайыстың ақтық участогына табан тіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұдан бұрынғы арнайы участоктағы жарыс қорытындысы бойынша, «Астана» ауыр жүк көлігінің экипажы 8-ші орыннан табылып, бас классификацияда төртінші тұғырдан көрінген болатын. Артур Ардавичус бұл сында аздап шаршағанымен, өз көрсеткішіне ырза екенін айтады.

«Сан Хуан - Кордоба» бағдары бойынша «Астана» грузовигі техникалық ақаулықтарға байланысты бірде-бір мәрте тоқтаған жоқ. Экипаждың тізгінін ұстаған жүргізуші жылдамдықты сақтай отырып, абай болу әдісімен жүріп өткен. Алайда жол бойында көліктері сынып қалған әріптестеріне көмектесу үшін команда бірнеше мәрте аялдады.



Қазақстандық квадрциклші Дмитрий Шилов он үшінші кезеңде оныншы болып мәре сызығына жетті. Бас есепте ол 6-орында тұр. Осы деңгейдегі жарыстарда тұңғыш рет бағын сынап жүрген Шилов үшін бұл жаман көрсеткіш емес. Спортшының ақтық сайыс алдындағы негізгі мақсаты - осы тұғырын сақтап қалу. Дмитрийдің өзі болса марафонның соңғы кезеңдерінің бірі аяғына жетіп қалғанына қарамастан, сайыстың әлі жалғасатынын, орындар белгіленген кестеде өзгерістер болуы мүмкін екенін алға тартады.

Күннің аптап ыстығына және судың жоқтығына қарамастан, «Астана» квадрациклшісі кезеңнен сүрінбей өтті. Марафонның келесі кезеңі - финалдық жарыс. Ол кезеңде спортшылар Кордоба қаласының участогы бойынша - 120, одан кейін 165 шақырым жолды басып өтулері керек. Жеңімпаздар мәре сызығына жеткеннен кейін марапаттау рәсімі бірден өткізіледі.

Айта кетерлігі, Кордоба - Аргентина раллиінің астанасы болып саналады. Жергілікті жердің қыр-сырын жақсы білетін қатысушылардың жеңіске деген мүмкіндіктері зор.



13-кезеңнің қорытындысы:

Ауыр жүк көлігі:

1. Эдуард Николаевтың тізгініндегі «Камаз - Мастер» - 05:59.02

2. Айрат Мардеевтің тізгініндегі «Камаз - Мастер» + 00:00.50

3. Мартин Коломаның тізгініндегі «Tatra Buggyra Racing» + 00:06.06

8. Артур Ардавичустың тізгініндегі «Астана» + 01:00.12

Квадроциклдар:

1. Херемьяс Гонсалес Фериоли, «Consultores de Empresas» - 05:55.16

2. Нельсон Аугусто Санабрия Галеано, «Sanabria Dakar Team» + 00:03.18

3. Игнасио Касале, «Casale Racing» + 00:04.03

10. Дмитрий Шилов, «Астана» + 00:19.31


Бас классификация:

Ауыр жүк көліктері:

1. Эдуард Николаевтың тізгініндегі «Камаз - Мастер» - 53:13.33

2. Сергей Вязовичтің тізгініндегі «МАЗ - автоспорт» + 03:53.59

3. Айрат Мардеевтің тізгініндегі «Камаз - Мастер» - 05:21.05

4. . Артур Ардавичустың тізгініндегі «Астана» + 06:36.37

Квадроциклдар:

1. Игнасио Касале, «Casale Racing» - 52.03.39

2. Николас Кавильяссо, «Team al Desert» + 01:37.16

3. Херемьяс Гонсалес Фериоли, «Consultores de Empresas» + 02:05.12

6. Дмитрий Шилов, «Астана» + 06:37.49

Соңғы жаңалықтар