«Дакар-2018» аяқталды: «Астананың» ауыр жүк көлігі төртінші болып жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер жаһанның ең танымал әрі экстремалды жарысы аяқталды. Ралли-рейдтің астанасы саналатын Аргентинаның Кордоба қаласында «Дакар - 2018» сайысы мәреге жетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марафонның ақтық кезеңінде қатысушылар соңғы әрі ең жылдам кезеңді басып өтуге міндеттелген болатын. Нақтырақ айтқанда, 199 шақырымдық арнайы участок пен Кордоба қаласының шетімен 165 шақырым жолды басып өту - мықтылардың мықтысын анықтауда негізгі сын еді. Спортшылардың барлығы да осыған дейін 14 кезеңді басып өтіп, соңғысында жеңімпазды анықтау ғана қалған.

«Дакардың» ақтық кезеңін «Астананың» екі экипажы сәтті жүріп өтіп, бестікке, ал бас классификацияда үздік ондықтың қатарынан табылды. Артур Ардавичустың тізгініндегі «Астананың» ауыр жүк көлігі өз категориясында төртінші орынға табан тіресе, сайыста тұңғыш рет бағын сынаған Дмитрий Шилов квадрациклшілердің жалпы есебінде алтыншы орынға жайғасты.



Бұл жолғы «Дакар» бұған дейінгі сайыстардан қарағанда ең ұзаққа созылған жарысқа айналды. Камаз Мастер кұрамасының қатарындағы жеңімпаз Эдуард Николаевтың ауыр жүк көліктердің есебі 54 сағат 57 минут 37 секундты құрайды. Өткен жылы Николаевтың жалпы уақыт көрсеткіші 27 сағат 58 минут 24 секунд болған еді. Бұл дегеніңіз арнайы участоктардың ара қашықтығы екі есеге ұлғайтылғанын, демек марафонның қырқыншы сайысы екі бірдей «Дакардан» тұрғанын көрсетеді.

Айта кетерлігі, бұл жолғы «Дакардың» ауыр жүк көліктерінің жалпы есебінде мәреге 44 қатысушының 19-ы ғана жетті. «Астана» экипажының механигі Мишель Хюсман биылғы жылы тәжірибелі спортшылар ғана жарысты аяқтай алғанын тілге тиек етеді.

«Дакарда» дебютант ретінде шыққан 266 нөмірлі қазақстандық Дмитрий Шилов марафонның басты жаңалығына айналды десе де болады - ол квадрациклшілердің жалпы есебінде алтыншы орынға тұрақтады. Мұндай жоғары көрсеткішке тәжірибесі аз қатысушылардың көбі қол жеткізе бермейтіні анық. Бірақ, Шилов үмітті ақтап, үздік ондықтан көрініп отыр.



Еске сала кетсек, «Астана» командасы «Дакарға» бірінші рет квадрациклшілерді жарысқа жіберген болатын. Атап айтқанда, Максим Антимиров пен Дмитрий Шилов марафонда қатысуға шамалары келетінін дәлелдеген болатын. Максим Антимиров «Дакардың» алғашқы кезеңдерін жақсы бастағаныен, құлап, Перудегі арнайы участокта жарақат алғаннан кейін жарыс жолынан шығып қалған.



«Дакар -2018» Оңтүстік Американың үш мемлекетінің аумағында: Перу, Боливия мен Аргентинада ұйымдастырылды.

14-ші кезеңнің қорытындысы:

Ауыр жүк көліктері:

1. Тон Ван Генугтеннің тізгініндегі «Petronas Team De Rooy Iveco» 01:39.47

2. Мартина Мэйчиктің тізгініндегі «Big Shock Racing» + 00:00.11

3. Дмитрия Сотниковтың тізгініндегі «Камаз - Мастер» + 00:03.35

7. Артур Ардавичустың тізгініндегі «Астана» + 00:06.02

 

Квадроциклдер:

1. Игнасио Касале, «Casale Racing» 01:43.25

2. Николас Кавильяссо, «Team al Desert» + 00:01.36

3. Алекс Дютри, «Drag'Оn Rally Team» + 00:01.43

11. Дмитрий Шилов, «Астана» +00:07.08

«Дакар - 2018» ралли-марафоны бас классификациясының нәтижелері:

 Ауыр жүк көліктері:

1. Эдуард Николаевтың тізгініндегі «Камаз - Мастер» 54:57.37

2. Сергей Вязовичтің тізгініндегі «МАЗ - автоспорт» + 03:57.17

3. Айрат Мардеевтің тізгініндегі «Камаз - Мастер» + 05:22.34

4. Артур Ардавичустың тізгініндегі «Астана» + 06:38.22

 

Квадроциклдер:

1. Игнасио Касале, «Casale Racing» 53:47.04

2. Николас Кавильяссо, «Team al Desert» + 01:38.52

3. Херемьяс Гонсалес Фериоли, «Consultores de Empresas» + 02:08.14

6. Дмитрий Шилов, «Астана» + 06:44.57

Соңғы жаңалықтар