Цюрих бизнесі Қазақстан экономикасына қызығуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Цюрих қаласында Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшілігі Швейцария - Азия Сауда палатасымен бірлесе отырып, Қазақстанның инвестициялық және іскерлік климаты жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Швейцарияның денсаулық, сақтандыру, көлік, жоғары технология, банк және азық-түлік салалардың 30-дан астам компаниялары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, Швейцария Қазақстанның негізгі бес сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Ал ағымдағы 2016 жылдың тоғыз айында осы елмен тауар айналым 2,9 млрд. АҚШ долларына жеткен. Шара барысында  ҚР Швейцариядағы Елшісі Жанар Айтжанова Қазақстанның инвестициялық климатты және бизнес жасау жағдайды жеңілдету мен жақсарту бойынша Үкіметтің жұмысы туралы жан-жақты хабарлап, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының және Еуразиялық экономикалық одағының мүшесі болуы шетел компанияларының алдында ашылатын тиімділігін атап өтті.

Ал «Швейцария - Азия» Сауда палатасы басқармасының мүшесі Тук Сенг Лоу Қазақстанның «Doing business 2017» халықаралық бизнес рейтингте жоғары 35-ші орында екеніне тоқталды. Оның айтуынша, бұл Үкіметтің бизнес рәсімді оңайлату және шетел инвестицияларды тарту бойынша оңтайлы  саясатын көрсетеді.

Сонымен қатар, шара аясында Novartis, UBS, Rheinmettall, Switzerland tourism, AOT holding, Ruag aviation, Astra және басқа компаниялардың өкілдерімен салық салу, логистика, тиісті рұқсат құжаттарды алу, бизнес ашу мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Инвесторлармен «бір терезе» қағидаты, омбудсмен  институты, салық пен кеден жеңілдіктері, әкімшілік тосқауылдарды қысқарту және рұқсат қағаздарды беру рәсімін жеңілдету бойынша жұмыстар қатысушылардың ерекше қызығушылығын танытты.

Елші Жанар Айтжанова Цюрих бизнесін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне, Астана халықаралық қаржы орталығы және мемлекеттік объектілерді жекешелендіру процесіне белсенді қатысуға шақырды. 

Басқосу нәтижесінде бірлескен бизнес-жобаларды талқылау мақсатында швейцарлық іскерлік топтардың Қазақстанға 2017 жылы сапарын ұйымдастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар