Цукерберг екінші рет декреттік демалыс алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook-тің негізін салушы Марк Цукерберг екінші қызының өмірге келуіне байланысты екі айға демалысқа кетеді. Ол демалысқа кеткен кезде, әлеуметтік желі компания-операторында оқыс оқиға болмайды деп үміттенетінін айтып, қалжыңдады, деп жазды ТАСС.

«Біздің екінші қызымыз таяуда өмірге келеді, мен тағы да (бірінші қызы туылған кездегідей) екі айға демалыс алуды жоспарлап отырмын», - деп жазды Цукерберг өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ ол өзінің компаниясындағы қызметкерлерге осындай жағдайда төрт айға дейін демалысты бөліп алуға болатынын атап айтты. 

«Мен бір ай бойы жұбайым Присцилла және қызыммен боламын, кейін желтоқсан айында олардың қасында уақыт өткіземін», - деді Цукерберг.

Соңғы жаңалықтар