«Црвене Звездадан» жеңілген «Ертіс» Еуропа лигасындағы ойындарын аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардың «Ертіс» футбол клубы Белградта өткен Еуропа лигасының екінші іріктеу раундының жауапты матчында «Црвене Звезда» командасынан 0:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Димитар Димитров алаңға команданың алғашқы ойындағы құрамын шығарды. Матчтың басы бірден шабуылдармен басталды, қонақтар басымдықты бергілері келмеді, бірақ оныншы минутта Митчелл Дональдтың голын өткізіп алды. Павлодарлықтар бірден есені қайтаруға ұмтылды, алайда, барлығы ойдағыдай шыға бермеді. «Црвена Звезда» алаңның иесі екендігін бірте-бірте көрсете бастады, павлодарлықтар да барын салып ойнады, жақсы футбол көрсете алды, жеңіске деген ұмтылыстары көрініп тұрды.

Үзіліс командалардың әрекетіне өзгеріс енгізбеді деуге болады, ойын бұрынғыдай тең өтіп жатты. Бірақ таблодағы есеп қарсыластардың пайдасында болды. Павлодарлықтарда мүмкіндік көп болғанымен гол салу қолдарынан келмей-ақ қойды. «Ертістің» құрамында мұны жүзеге асыратын футболшы табылмады. Салдарынан жеңіліс тапты.

Екі матчтың қорытындысы бойынша жалпы 3:1 есебімен жеңіске жеткен  «Црвена Звезда» ойынды одан әрі жалғастырады.


«Црвена Звезда» (Белград, Сербия) - «Ертіс» (Павлодар, Қазақстан) 2:0 (1:0)

Бірінші матч: 1:1
Голдар: Дональд 10 (1:0), Срнич 77 (2:0)
Ескертулер: Стойкович 7, Ле Таллек 90+5 - Живкович 60
«Црвена Звезда»: Манойлович, Йовичич, Ле Таллек, Канга, Боакье, Доналд (Рачич 90+1), Стойкович, Анджелкович, Срнич (Пешич 83), Рикардиньо, Савич
«Ертіс»: Лория, Кислицын (Дарабаев 66), Родриго, Калинин, Дәуітов, Живкович, Гетериев (Фофана 82), Стаменкович, Фонсека (Попов 84), Маслач, Бугаев
Бас төреші: Федайи Сан (Швейцария)


20 шілде. Белград. «Райко Митич».

 

Соңғы жаңалықтар