Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -10 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Цифрлық технологиялар ауыл шаруашылығының дамуына қалай серпін береді

2018 жылғы 14 ақпан 18:49 376
Поделиться:
Цифрлық технологиялар ауыл шаруашылығының дамуына қалай серпін береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев АШМ ғимаратында өткен кеңейтілген алқа отырысында цифрландырудың ауыл шаруашылығы секторына не беретінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақылбек Күрішбаев солтүстік өңірдегі биылғы егіннің шығымына алаңдаулы Ақылбек Күрішбаев аграрлық мамандықтарға қалалықтар неге көптеп түсетінін түсіндірді

«Өткен жылдың желтоқсанында қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты төрт шара бар. Бұл әлбетте, нақты егін шаруашылығына жүйені енгізу, мал шаруашылығы өнімдерін бақылау, электронды сауданы енгізу мен халықаралық логистикалық желілермен байланыс орнату», - дейді ол.

Холдинг төрағасының айтуынша, жалпы, ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасы еңбек өнімділігін 45 пайызға дейін арттыруды, ауыл шаруашылық өнімін 69 пайызға дейін арттыруды көздейді.

«Қазіргі күннің өзінде цифрландыру технологияларын Қазақстанда табысты түрде қолданып жатқан кәсіпорындардың барлығы қуантады. Десе де, жаппай қолданып жатқан кәсіпорындар көп емес. Әлемде жағдай бөлектеу. Нақтырақ айтқанда, Канада фермерлерінің 84 пайызы, АҚШ-та 80 пайызы заманауи цифрлық технологияларды қолданады. Егін шаруашылығында цифрлық технологияларды қолданудың арқасында АҚШ мемлекеті қант өнімділігін 80 пайызға, бидай өнімділігі 42 пайызға арттырған», - дейді Руслан Еңсебаев.

Холдинг басшысының сөзіне сенсек, цифрлық технологияларды қолдану сонымен бірге ауа райының болжамын біліп отыруға, спутниктік мәліметтердің талдауын, егін шығымдылығының тарихын біліп отыруға мүмкіндік береді. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Мұрағат