«Цифрлық Қазақстан» қалай жұмыс істеуі керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Astana Digital Forum» аясында Қазақстанның интернет бизнесі мен мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкин «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына қатысты өз көзқарасын білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда ақылы автотұрақтар бар. Оның ақысын төлеу үшін көліктен шығып, сонау жерде тұрған паркоматқа бару қажет. Сол жерде ақшасын салу керек. Артынан уақытын ұзарту үшін тағы келіп-кетпесең болмайды. Меніңше, «Цифрлық Қазақстанда» аталған жүйе былай жұмыс істеуі тиіс. Мен белгілі бір жерге көлігімді қойғанда ұялы телефоныма бірден xабарлама түсу керек. Ол арқылы автотұрақтың ақысы да төленсе, нағыз «Цифрлық Қазақстан» сонда болады», - дейді Горожанин.

Осы орайда ұйым басшысы тағы бір мысалды келтірді. Жол қозғалысын бұзғаны туралы xабарлама да бірден көлік жүргізушісіне түсуі тиіс. Сонда кез келген адам айыппұлға қатысты 50 пайыздық жеңілдікті қолма-қол пайдалана алады.

«Мәселен, стоп-сызықтан асқанда бізді камера тіркеп жатады. Демек, ондайда бірден SMS-xабарлама ұшып келуі керек қой. Міне, нағыз «Цифрлық Қазақстан». Иә, ол бағдарламада ауқымды бастамалар да бар. Дегенмен, осы іспетті ұсақ нәрселерді жасасақ, xалықтың өмір сүруі жеңілдей түседі. Барлығы қыруар қаржының қайда жұмсалып жатқанын түсінеді», - деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, бүгінгі форум аясында Константин Горожанин Қазақтанның интернет коммерцияға қатысу көрсеткішін айтқан болатын.  

Соңғы жаңалықтар