«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ультразаманауи инфрақұрылымды көздейтін бағыты іске асады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ультразаманауи инфрақұрылымды көздеген «Цифрлық Жібек жолы» бағытын іске асырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы биылғы Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыру міндетін алға қойғаны белгілі. Цифрландыру жөніндегі республикалық кеңесте де экономиканың жедел технологиялық дамуын жүзеге асыру алдыңғы кезектегі мәселе екенін де атап айтты. Осы орайда цифрлық технология арқылы экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін ең бірінші халықты сапалы интернетпен қамту маңызды», - деді ол.

Осы ретте министр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында айрықша мәселенің бірі ретінде коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін атап өткенін еске салды.

Осыған орай «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ультразаманауи инфрақұрылымды көздеген «Цифрлық Жібек жолы» бағытын іске асыру қарастырылып отыр. Соның ішінде бірінші кезекте халықты жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту мәселесі қолға алынуда. Болжам бойынша бұл жоба электронды сауда-саттықты арттыру, электрондық үкімет қызметтерін, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы  интерактивті құралдарды енгізу есебінен ел дамуына елеулі әлеуметтік-экономикалық әсер беруі тиіс», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында «Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасының ағымдағы жай-күйі талқылануда.

Соңғы жаңалықтар