Цифрландырудан фермерлер не ұтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шарашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде цифрландыру шаралары қандай нәтиже беретіндігі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Салада цифрландырудың іргетасы ретінде геопозициялық, вегетациялық, агрохимиялық, гидрогеологиялық жер өңдеу топтарымен электрондық карталары болады. Алғашқы екі тобын біз енгізіп қойдық. Енді қалғандарын нығайтатын боламыз. Шартты түрде фермерлер цифрландырудың үш тобынан өтеді. Осы орайда келесі кезеңге өтуі үшін әр топқа міндетті элементтердің тізімі айқындалды», - деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев.

Оның сөзіне қарағанда, осындай элементтерде егін егудің сараланған қадамдары, жерді тиімді суару және басқа да бағыттар қамтылған. Сонымен қатар тыңайтқыштарды себудегі қажетті тәсілдерге назар аударылады.

Бұл тұрғыда А. Евниев АӨК-те цифрландыру аспектілерін енгізуден қандай нәтижелер болатынын жария етті.

«Егер де метеостансаларды құрсақ және әрбір фермер өзінің метеобекетімен бірыңғай базаға кірсе, онда ешқандай комиссиялар керек болмайды. Жүйе актілерді онлайн түрде бекітеді. Сарапшылардың есептеуінше, нақты егіншілікті енгізу астық шығымдылығын 30-50 пайызға арттырып, моторесурстар шығындарын 40 пайызға төмендетеді. Сонымен қатар жанар-жағармайды 15-20 пайызға үнемдей түседі. Жалпы, осыдан болатын тиімділік 60 - 90 пайызға артады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар