Чилидегі президент сайлауында миллиардер Пиньер жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде өткен президент сайлауында миллиардер Себастьян Пиньер жеңіске жетті, деп хабарлайды Telegraph .

Елдің орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметке қарағанда, 99,62% дауыстың 54,57%-і Пиньерге, ал қалған 45,43% дауыс сенатор-оңшыл Алехандро Гильиерге берілген.

«Мен қарсыласым Себастьян Пиньерді жеңісімен құттықтап қоңырау соқтым», - деді Гильиер Сантьягода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Чилидің қазіргі президенті Мишель Бачелетте де Пиньерді жеңісімен құттықтады.

Айта кетсек, Себастьян Пиньер Чилиді 2018 жылдан 2022 жылға дейін басқаратын болады.

Соңғы жаңалықтар