Чилиде тасқын су бір ауылды тұтастай басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чили билігі  су тасқыны түгелдей шайып кеткен  Вилла-Санта-Люсия елді мекені  аумағын апатты аймақ деп жариялады. 

Мұнда бес адам - төрт жергілікті тұрғын мен бір турист қаза тапты. Тағы 15 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды Euronews .

Құтқарушылар тірі қалған адамдарды табу мақсатында қираған үйлерді аралауда.

Алапат селдің болуына тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп болды.  Вилла-Санта-Люсия Чилидің Лос-Лагос облысына қарайды. Сондай-ақ Корковадо ұлттық паркімен шектесіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар