Чемпиондар лигасы: «Реал» мен «ПСЖ» кездесетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды sport.inform.kz.

Жеребе бойынша жұптасқан командалардың тізімі төмендегідей:

"Базель" (Швейцария) - "Манчестер Сити" (Англия)

"Порту" (Португалия) - "Ливерпуль" (Англия)

"Севилья" (Испания) - "Манчестер Юнайтед" (Англия)

"Шахтер" (Украина) - "Рома" (Италия)

"Реал Мадрид" (Испания) - "ПСЖ" (Франция)

"Челси" (Англия) - "Барселона" (Испания)

"Бавария" (Германия)  - "Бешикташ" (Түркия)

УЕФА Чемпиондар лигасының финалы 2018 жылы 26 мамырда Киев қаласының "Олимпийский" стадионында өтеді.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына бір елден (Англия) алғаш рет 5 команда шықты.

Соңғы жаңалықтар