Челябіде Қазақстан мен Ресей ректорларының форумы өтті

None
None
АТЫРАУ-ЧЕЛЯБІ. ҚазАқпарат - Челябіде Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтыстығы XIV форумы аясында бүгін екі елдің ірі жоғары оқу орындары ректорларының кездесуі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ректорлар форумы - өңіраралық ынтымақтастық Форумының жаңа беті.  Күн тәртібінде жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті дамытуға ықпал ететін мәселелер қойылды», - деп мәлім етті «ҚазАқпарат ХАА тілшісіне ҚР Қаржы министрлігі Қаржы академиясының президенті Наталья Коржова.

Ректорлар форумына қатысушылар алдында сөйлеген Н. Коржова бұған мысал ретінде  ММУ академиясымен арадағы алдағы жылдан бастап  магистранттар алмасу жөніндегі бағдарлама бойынша келісімді айтты.

Өз кезегінде Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің ректоры Александр Шестаков аталған университетте 3400 қазақстандық студенттің оқитындығын, ал Қазақстанның 45 жас ғалымы ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданатындығын атап өтті.

Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский  өңірдегі жоғары оқу орындарындағы шетелдік студенттердің жартысы -  Қазақстан жастары екендігін атап өтті

Жиналғандар  губернатордың Челябіде 2018 жылы Ресей мен Қазақстанның гуманитарлық ынтымақтастық  форумын  өткізу жөніндегі ұсынысын қолдады.

Соңғы жаңалықтар