Чехияда химия зауытында болған жарылыс 6 адамның өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехия орталығында орналасқан Влтавадағы Кралуп қаласындағы ірі химия комбинатында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Чех радиосына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан алты адам қаза тапты. Қауіпсіздік шаралары ретінде қаладан Велтрусаға баратын күре жолдағы автомобиль қозғалысы шектелген.

«Комбинатта жарылыс болғаны туралы ақпарат алдық. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр», - дейді Орталық Чехия өлкесі өрт сөндіру бөлімшесінің өкілі Владимира Керекова.
null 

Құтқарушылардың айтуынша, қаза тапқандардан тыс бірнеше адам ауыр жарақат алған.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

null 

Фото: tn.nova.cz

Соңғы жаңалықтар